Otpan News Logo

Ақтауда оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қысқаметражды фильмдер көрсетілді

|
04.03.2026 14:09
Ақтауда оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қысқаметражды фильмдер көрсетілді

Маңғыстау облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Оқушылар сарайында» жасөпірімдерге арналған қысқаметражды деректі фильмдердің көрсетілімі өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, Ақтау қаласының прокуроры Дауылбай Челпеков, Ақтау қаласы полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары Нұрлан Рахаев қатысты. Кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық сананы қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг, агрессия, зиянды әрекеттердің салдарын түсіндіру.


Алғашқы болып «Кітап бетпелгілері емес» ұсынылды. Бұл фильмде жасөпірімдердің өмірлік құндылықтары, дұрыс таңдау жасау, білімнің рөлі және рухани жауапкершілік туралы баяндайды. Туынды жас буынға «жеңіл табыс», «оңай жол» ұғымдарының жалған екенін түсіндіреді.


Ал кеш соңында «Хулиганка» қысқаметражды фильмі көрсетілді. Онда жасөспірімнің құқыққа қарсы әрекетке баруы және оның құқықтық әрі әлеуметтік салдары баяндалады. Туынды арқылы бір ғана қате шешімнің жеке адам өміріне ғана емес, отбасы мен қоғамға да әсер ететіні терең ашып көрсетілген.


Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру – басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта білім беру ұйымдарында тұрақты түрде жиналыстар мен кездесулер ұйымдастырылады. Мұндай шаралар ата-аналармен ғана емес, оқушылардың өздерімен де өткізіледі, – деді Ақтау қаласы полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары Нұрлан Рахаев.
47
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!