Ақтауда «ALASH CUP-2026» облыстық пікірсайыс турнирі өтті
Ақтаудағы NIS қабырғасында «Alash» пікірсайыс турнирі төртінші рет ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Зияткерлік мектептің баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық турнирге 48 фракция құрамында 96 дебатер қатысты, олардың дәлелдеу және сендіру қабілеттері сынға түсті. Қарарлар саясат, адам өмірі мен қоғам секілді өзекті тақырыптарды қамтыды.
Қазақ лигасы бойынша 1-орынды «Ұстақ өзгертеміз» тобы - Зейнеп Серік (НЗМ), Мадина Узакбергенова, 2-орынды «По ходу көреміз» тобы Мағжан Көшкінбай, Анеля Аметжанова, 3-орынды «ideа» тобы - Гульмира Сүйеуова, Аружан Куанышбек алды. Ал «Ең үздік спикер» номинациясы бойынша Зейнеп Серік (НЗМ)алса, «Ең үздік төреші» номинациясымен Мөлдір Оразбаева марапатталды.
Орыс лигасы бойынша 1-орынды «Unis» тобы - Фериде Мутиева (НЗМ), Назерке Аманкулова (НЗМ), 2-орынды «lady killers» тобы - Іңкәр Қуаныш (НЗМ), Гауһар Жаңбырбай (НЗМ), 3-орынды «Still Standing» тобы - НұрдаулетБерікқазы (НЗМ), Томирис Каримова (НЗМ) иеленді. Ал «Ең үздік спикер» номинациясын Алихан Суйер (НЗМ) алса, «Ең үздік төреші» номинациясымен Сати Махмудова марапатталды.
Alash пікірсайыс клубының менторы Мереке Ақбөбектің сөзінше, биылғы турнирде орыс және қазақ лигаларында мектеп оқушыларының қатысуы артты. Бұл - мектебіміздегі пікірсайыс әлеуетінің мықты дамып жатқанын көрсетеді.
- Облыстық турнирді ұйымдастыру біз үшін үлкен тәжірибе әрі жауапкершілігі жоғары сынақ болды. Жалпы алғанда, ең үлкен жетістігіміз – команданың ұйымшылдығы мен өзара сенімі. Әркім өз рөлін түсініп, ортақ мақсатқа жұмыс істеді, сондықтан турнир мазмұндық және ұйымдастырушылық тұрғыдан сәтті өтті. Қатысушылардың белсенділігі мен кері байланысы да еңбегіміздің нәтижесін көрсетті,- деді Ақбөбек Мереке.