Otpan News Logo

Ақтау әкімі санитарлық тазалық пен абаттандыруға көңіл бөлді

Ақтау әкімі санитарлық тазалық пен абаттандыруға көңіл бөлді

Ақтауда қала әкімі Әбілқайыр Байпақовтың төрағалығымен кеңейтілген жүрмелі жиын өтті. Жиын барысында қала басшылығы проблемалық аймақтарды аралап, санитарлық тазалық, заңсыз сауда нысандары, абаттандыру жұмыстарының сапасы, жол инфрақұрылымы, бағдаршамдар мен жол белгілерінің жағдайы және қоқыс үйінділері сияқты мәселелерді тексерді, деп хабарлайды otpannews.kz Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


Қала әкімі тиісті бөлім басшылары мен мердігер ұйымдарға анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды тапсырды. Әсіресе, ірі қоқыс үйінділерін 10 күн ішінде толық тазалау міндеттелді. 


Қала тазалығы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Әрбір көше, әрбір аула тұрғындарға қауіпсіз әрі қолайлы болуы тиіс. Анықталған кемшіліктер жедел түрде жойылып, жұмыстардың сапасы қатаң бақылауда болады. Белгіленген мерзімдер нақты орындалуы қажет, – деді Әбілқайыр Байпақов.


Сондай-ақ орта жолақтағы бағдаршамдарды, жол белгілерін жуу, жаяу жүргіншілер өткелдерін ретке келтіру және шұңқырлы жөндеу жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Барлық жұмыстар қала әкімінің тікелей бақылауына алынды.

4
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!