Ақтаулық дәрігерлер референдумға қатысады
№1 Ақтау қалалық емханада өңірлік коалиция мүшелері мен медицина қызметкерлерінің қатысуымен маңызды кездесу өтті. Жиынның басты мақсаты - жаңа Конституцияның рөлін түсіндіру, деп хабарлайды otpannews.kz.
Кездесу барысында коалиция мүшелері медицина саласы мамандарына Ата Заңның қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың кепілі екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, қоғамдағы әрбір азамат өзінің құқығын біліп, кез келген жағдайда заңға сай әрекет ету керектігі айтылды. Яғни, құқықтық сауаттылықты арттыру қажет. Ата заңның мазмұнында адам денсаулығы мен құқықтық талаптарын бірінші орынға қойған. Аталған мәліметтер медицина саласының қызметкерлеріне құнды ақпарат болды.
"Осы уақытқа дейін көптеген жерлерде референдумға байланысты кездесулер өткізіп жүрміз. Қай жерге барсақ та, ұжымдар өте жақсы кері байланыс жасап, қызықтыратын сауалдарын қойып, азамат ретінде белсенділік танытып жатыр. Жаңа Конституцияда көрсетілген адам құқығы мен бостандығы және денсаулығы тақырыптарын жеңіл, тілге жалпақ түрде айтып түсіндірудеміз. Ата заңымыздың 84%-ға өзгеруі, баптың жаңаруын халық болып қолдаймыз және жерлестерімізді дауыс беруге шақырамын", - деді Маңғыстау облыстық коалиция мүшесі Алтын Айтуарова.
Кезлесуде дәрігерлер референдумға баратындарын айтты.
"Облыстық коалиция мүшелері келіп, жаңа Конституцияның мазмұнымен таныстырды. Біз ұжым болып Ата заңға енген өзгерістерді толық қолдаймыз. Аталған заңдар елімізге оң өзгерістер алып келетініне сенімім мол. Адам денсаулығы мен құқықтары туралы коалиция мүшелері біршама ақпараттар айтты. Мен отбасыммен бірге өз таңдауымды жасауға барамын. Әріптестерім де референдумға қатысады. Сіздерді де 15 наурыз болатын референдумға келіп, дауыс беруге шақырамын", - деді №1 Ақтау қалалық емханасының директоры Айгүл Кенжина.