Otpan News Logo

Жаңаөзенде полиция ардагерінің атындағы «Жас сақшы» сыныбы ашылды

Жаңаөзенде полиция ардагерінің атындағы «Жас сақшы» сыныбы ашылды

Жаңаөзендегі №5 мектеп-гимназияда полиция ардагері Алмас Теміралиевтің атындағы «Жас сақшы» сыныбы ашылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Оқушылар «Жас сақшы» бағыты бойынша білім алып, құқықтық сауатын арттырады. Мұнда оқушыларға қоғамдық тәртіп, заң талаптары, қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, құқық қорғау саласының қызметімен жақынырақ танысуға мүмкіндік беріледі.


Алмас Теміралиев өмірінің 35 жылын ішкі істер органдарындағы қызметке арнаған. Құқық қорғау саласындағы еңбек жолын 1982 жылы бастап, Жаңаөзен қалалық ішкі істер бөлімінде патрульдік-пост қызметінде болды.


Кейін жол полициясы, тіркеу-емтихан және жедел криминалистика бағыттарында қызмет атқарған. Еңбек жолының бір кезеңінде жол полициясы бөлімін басқарған. 


Қызметке деген адалдығы мен табандылығы үшін бірнеше медаль, төсбелгі және алғыс хатпен марапатталған. 


Ол саналы ғұмырын құқық қорғау саласына арнап, азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолында абыройлы қызмет атқарған. Алмас Теміралиевтің ғибратты ғұмыры, адал еңбегі мен елге жасаған қызметі кейінгі ұрпаққа үлгі болып қала береді.

64
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!