Otpan News Logo

Ақтаудағы мектеп ауласында шағын ашық кітапхана ашылды

Ақтаудағы мектеп ауласында шағын ашық кітапхана ашылды

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ауласында оқушылар кез келген кітапты алып, таза ауада оқи алатын «Little Free Library» ашылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Мектептің баспасөз қызметінің мәліметінше, ашық кітапхана оқушыларға қалаған шығармасын еркін таңдап, сабақтан тыс уақытта тыныш әрі жайлы ортада кітап оқуға мүмкіндік береді. Кітапты ауладағы арнайы сөреден алып, оқып болған соң қайта орнына қоюға болады.


Кітапханадағы негізгі талап – кітапқа ұқыпты қарау. Оқырман алған шығармасын бүлдірмей, уақытында қайтаруы керек.


Айта кетейік, елімізде кітап оқуды кеңінен насихаттайтын «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны өтіп жатыр.


Марафонға қатысып, оқу челленджіне қосылғысы келетіндер Reading-nation.kz сайты арқылы тіркеле алады.

19
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!