Otpan News Logo

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды

|
08.09.2026 15:03
Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды

Төлеген Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназиясында қоқыс сұрыптауға арналған контейнерлер орнатылған. Мектептің әр блогында үш-үштен, барлығы 9 қоқыс жәшігі бар, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Бұл контейнерлер мен мектептегі эко-бұрыш география пәнінің мұғалімі, эковолонтер Әйгерім Әбдиеваның экологиялық байқауда ұтып алған грантының есебінен жасалған. 


«Біздің мектепте қағаздар мен пластик бөтелкелерді, қақпақтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер бар. Өткен оқу жылында қойылған бұл контейнерлер мектеп оқушылары арасында пайдалы әдеттер қалыптастыруға септігін тигізіп жатыр. Біз жоғары сыныпта оқитын эковолонтерлар болып, төменгі сынып оқушыларымен экологиялық сабақтар өткіземіз. Мектепте жыл бойы экологиялық іс-шаралар, сабақтар, сенбіліктер үнемі ұйымдастырылады»,- деді Асима Құралбекқызы. 


Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша, 1 тоннадан астам макулатура, 25кг бөтелке, 30кг астам қақпақ жиналып, сұрыптау орталықтарына тапсырылған.

80
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!