Otpan News Logo

Маңғыстау мұнайының 65 жылдығына тарту: «Маңғыстау жорығы» атты жаңа кітап жарық көрді

|
08.09.2026 15:32
Маңғыстау мұнайының 65 жылдығына тарту: «Маңғыстау жорығы» атты жаңа кітап жарық көрді

Прозашы, журналист Үміт Жәлекенің Маңғыстау мұнайының мерейтойына орай «Маңғыстау жорығы» атты романы жарық көрді. Бұл шығармаға Маңғыстау мұнайын барлап, өмірін осы салаға арнаған мұнайшылардың еңбегі арқау болған, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Маңғыстау мұнайының 65 жыл толуына орай жарияланған шығарма өлке тарихы туралы баяндайды. Бұл туынды “Qazaq kitaby” баспасынан басылып шықты. Автордың айтуынша, бұл еңбекте Маңғыстау мұнайын барлау, Өзен кенорнын игерудің алғашқы жылдарындағы кеңестік қоғамда туындаған қиындықтар мен деректі оқиғалар жан-жақты суреттелген. 

«Бұл романда сол дәуірдегі мұнай шығару саласындағы өмір шындығы мен мұнайшылардың бастан кешкен қилы жолы қатар өрнектелді. Кітаптың басты өзегі – Маңғыстау мұнайын барлауға атсалысып, өмірін осы салаға арнаған қарапайым еңбеккерлер мен мұнайшылардың қажырлы еңбегі. Шығармада тарихи «Маңғыстаумұнайгаз барлау» тресінің жұмысы мен мұнай тарихында есімдері алтын әріппен қалған ірі тұлғалардың өмір жолы мен қызметі туралы құнды деректер қамтылды», - деді Үміт Жәлеке. 


Туынды авторы бұл еңбегін қазыналы, қасиетті Маңғыстау мұнайшыларына және қарапайым еңбеккерлерге арнағанын жеткізді.


Айта кету керек, бұл кітаптың бір бөлімі бұған дейін «Жұлдыз» журналында жарық көрген, кейінгі үзіндісі 2024 жылы «Маңғыстау» газетінде жарияланған. Маңғыстау мұнайының 65 жылдық мерейтойы қарсаңында оқырманға жол тарқан бұл роман сала ардагерлері мен өлке тарихын зерттеушілер үшін маңызды рухани тарту болып отыр.

85
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!