Otpan News Logo

Мұнайшылар күні: Қаражанбастағы маман 39 жылдан бері ұңғымаларды зерттеп келеді

Мұнайшылар күні: Қаражанбастағы маман 39 жылдан бері ұңғымаларды зерттеп келеді

Қыркүйектің алғашқы жексенбісінде Қазақстанда Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні аталып өтеді. Кәсіби мереке қарсаңында мұнай өндірісінде ондаған жыл еңбек етіп келе жатқан мамандардың еңбегі тағы бір мәрте назарға алынады. Солардың бірі – «Қаражанбасмұнай» АҚ Ұңғымаларды ғылыми зерттеу және өндірістік жұмыстар цехының 5-дәрежелі операторы Қыдыржан Төлесінов, деп хабарлайды otpannews.kz


Ол мұнай саласына осыдан 39 жыл бұрын келген. Содан бері өндірістегі жұмыс тәртібі мен технология талай өзгерсе де, Қыдыржан Төлесіновтің күнделікті міндеті – ұңғымалардағы жағдайды бақылап, нақты мәлімет беру.


Маман жұмыс барысында жер қойнауындағы қысым, мұнай көлемі мен температураны арнайы заманауи құрылғылармен өлшейді. Нәтижелерді цех шеберіне береді. Кейін бұл ақпарат геолог мамандарға жолданып, егжей-тегжейлі талданады.


Ұңғымадағы көрсеткіштерді дер кезінде анықтау өндіріс барысын бақылау үшін қажет. Сондықтан оператордың жұмысы дәлдік пен жауапкершілікті талап етеді.


Біздің жұмыс өндіріс үшін аса маңызды. Негізгі міндет – процестердің үздіксіз болуын қамтамасыз ету. Сондықтан өтінімдер түссе, түнде де, ауа райы қолайсыз болса да жұмыс істей береміз, – дейді Қыдыржан Төлесінов.


39 жылдық еңбек тәжірибесі бар маман үшін өндірістегі әр күн жаңа міндеттен тұрады. Қажет болса, мамандар тәулік уақытына қарамай ұңғымаларға барып, тиісті өлшемдерді жүргізеді. Бүгінде ол мұнай өндірісіндегі жұмысты тәжірибесімен жалғастырып келеді.

39
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!