Otpan News Logo

«Орал – Маңғыстау» пойызының вагондары жаңарды

|
23.11.2026 14:38
«Орал – Маңғыстау» пойызының вагондары жаңарды

OTPANNEWS.KZ. - «Жолаушылар тасымалы» АҚ №614/613 «Орал – Маңғыстау» жолаушылар пойызының құрамын отандық RWS Wagon зауытында шығарылған жаңа вагондармен жаңартты. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.


Жаңартылған пойыз құрамы 7 жолаушылар вагонынан, оның ішінде 5 купе және 2 плацкарт вагонынан жасақталған. Пойыз 280 жолаушыға арналған.



Жаңа вагондар қауіпсіздік, энергия тиімділігі және жайлылық талаптарына толық сәйкес келеді. Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында вагондар кондиционерлеу жүйелерімен, мобильді құрылғыларды қуаттауға арналған USB қосқыштарымен, электр розеткаларымен, заманауи жарықтандыру жүйелерімен және санитариялық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген.


Пойыз билеттерін bilet.railways.kz ресми сайты арқылы және теміржол вокзалдарындағы билет кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы алуға болады.

29
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!