Otpan News Logo

ТЖД бүгін дабыл жүйесін тексереді

|
24.11.2026 09:48
ТЖД бүгін дабыл жүйесін тексереді

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 24 қараша күні өңірде құлақтандыру жүйесіне жоспарлы тексеру жүргізіледі.


Тексеру қысқы кезеңде төтенше жағдайларды жою кезінде азаматтық қорғау органдары мен күштерінің дайындығын пысықтау мақсатында ұйымдастырылады.


Осыған байланысты сағат 11:00-ден бастап сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылады.


Департамент тұрғындарды сабыр сақтап, алаңдамауға шақырады.

6
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!