Otpan News Logo

Алаяқтар жасанды интеллекті арқылы полиция қызметкерлерінің бейнесін қолданады

Алаяқтар жасанды интеллекті арқылы полиция қызметкерлерінің бейнесін қолданады
miriad.kz

OTPANNEWS.KZ – Интернет алаяқтар жасанды интеллект көмегімен полиция қызметкерлерінің бейнесін жасап, тұрғындарға бейнеқоңырау шала бастаған. Олар өздерін құқық қорғау органының өкілі ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіруге тырысады.


Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Айболат Мырзашев мәлімдеді.


Оның айтуынша, алаяқтар WhatsApp арқылы бейнеқоңырау шалып, өздерін киберполиция қызметкері ретінде таныстырады. Тіпті полиция формасын киіп, жалған бейне арқылы сөйлеседі.


«Мұқият қарасаңыз, бейнежазбадағы қызметкерлердің формасы Қазақстан полициясының киім үлгісіне сәйкес келмейтінін байқауға болады. Жалпы, құқық қорғау органдары азаматтарға WhatsApp арқылы хабарласып, бейнеқоңырау шалып, өздерін таныстырмайды. Егер адамды қылмыстық іске қатысты шақыру қажет болса, оған белгіленген тәртіппен ресми шақыру қағазы жіберіледі», – дейді Айболат Мырзашев.


Полиция тұрғындарды бейнеқоңырау арқылы өзін мемлекеттік орган қызметкері деп таныстырған адамдарға сенбеуге шақырады.

8
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!