Otpan News Logo

Әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты

|
25.11.2026 10:56
Әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты

Мен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын еліміздің саяси, әлеуметтік және қоғамдық өміріндегі маңызды өзгерістердің бірі деп санаймын. Себебі Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, елдің даму бағытын айқындайтын, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын басты құжат. Сондықтан оған енгізілетін кез келген өзгеріс халықтың мүддесіне, елдің тұрақтылығы мен болашағына қызмет етуі керек.


Мен үшін ең маңыздысы – заң үстемдігінің сақталуы, азаматтардың құқықтарының қорғалуы және қоғамда әділдіктің орнауы. Әрбір қазақстандық заң алдында тең болып, өз ойын еркін жеткізіп, ел өміріне белсенді араласа алуы қажет. Жаңа Конституция осы құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді деп сенемін.


Еліміздің дамуы тек мемлекеттік органдарға ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігіне де байланысты. Сондықтан біз заңды құрметтеп, қоғамдағы өзгерістерге бейжай қарамай, мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосуымыз керек. Ең бастысы, жаңа Конституция халықтың сенімін ақтап, Қазақстанның жарқын болашағына негіз болады деп үміттенемін.


Мирас Сапарбайұлы,

оператор

6
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!