Otpan News Logo

Еліміздің дамуына бағытталған маңызды құжат

|
25.11.2026 09:58
Еліміздің дамуына бағытталған маңызды құжат

Жаңа Конституция туралы айтар болсам, мен оны еліміздің болашақ дамуына бағытталған маңызды құжат деп қабылдаймын. Қай мемлекеттің болмасын тұрақты дамуы ең алдымен оның заңдарына, азаматтардың құқықтарының сақталуына және қоғамдағы әділдік қағидаттарына байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, Конституциядағы өзгерістердің халық өміріне оң әсерін тигізуі өте маңызды.


Әсіресе қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайы, еңбек ету құқығы, сапалы медициналық көмек алу, білім алу және қауіпсіз ортада өмір сүру мәселелері әрдайым назарда болуы қажет деп есептеймін. Әрбір отбасы болашағына сенімді болып, балаларымыздың сапалы білім алып, лайықты өмір сүруіне жағдай жасалса, бұл еліміздің дамуына үлкен серпін береді.


Менің ойымша, Конституцияның басты мақсаты – мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайту, азаматтардың мүддесін қорғау және қоғамдағы жауапкершілікті арттыру. Сондықтан жаңа өзгерістердің іс жүзінде жүзеге асуын, әрбір азаматтың өмірінен оң нәтижесін көруді қалаймын. Елімізде тыныштық, тұрақтылық пен бірлік болсын!

 

Эльмира Нарымбетова,

Қала тұрғыны

39
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!