Otpan News Logo

Жаңа Конституция – ел экономикасы мен еңбек адамының тірегі

|
29.11.2026 12:37
Жаңа Конституция – ел экономикасы мен еңбек адамының тірегі

Жаңа Конституцияда еңбек адамының құқығын қорғауға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және елдің тұрақты дамуына басымдық берілуі құптарлық бастама. Мұнай-газ саласында еңбек ететін маман ретінде бұл өзгерістердің маңызын жақсы түсінемін. Өйткені ел экономикасының дамуы ең алдымен адал еңбек пен кәсіби мамандардың біліктілігіне байланысты.


Мұнай-газ саласы – Қазақстан экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі. Бұл бағытта еңбек ету үлкен жауапкершілікті, тәртіпті және кәсіби шеберлікті талап етеді. Сондықтан Конституцияда әр азаматтың еңбек етуге, қауіпсіз еңбек жағдайына және еңбегіне сай ақы алуға құқығының қорғалуы маңызды деп есептеймін. Еңбек адамының мәртебесін көтеру – мемлекеттің экономикалық әлеуетін нығайтудың бір жолы.


Сонымен қатар табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезіну де ерекше маңызды. Өндіріс орындарының дамуы экологиялық қауіпсіздік талаптарымен қатар жүруге тиіс. Өйткені экономикалық өсім мен халықтың өмір сапасы өзара тығыз байланысты.


Менің ойымша, жаңа Конституция еліміздің тұрақты дамуына және қоғамдағы әділеттілік қағидаттарының нығаюына негіз болады. Әр азамат өз құқығын біліп, заңды құрметтеп, адал еңбек етуі қажет. Сондықтан Ата Заңдағы жаңашылдықтарды қолдаймын. Бұл – қуатты экономика мен жарқын болашаққа бастайтын маңызды қадам.


Нұржігіт Қонысов,

мұнайшы

9
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!