Главная | Маңғыстау жаңалықтары
Мұнайлыда дауыс беру талапқа сай өтіп жатыр
Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық округіндегі №204 сайлау учаскесінің төрағасы Нұржамал Жәңгірханқызы мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы талапқа сай өтіп жатқанын айтты.
Оның сөзінше, учаскеде дауыс беру заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастырылған. Дауыс берушілерді қабылдау, олардың жеке басын сәйкестендіру және бюллетень беру жұмыстары белгіленген тәртіппен жүргізілуде. Сонымен қатар азаматтардың өз таңдауын еркін жасауы үшін барлық қажетті жағдай қарастырылған.
«Сайлау учаскесінің жұмысы бекітілген талаптарға сәйкес жүріп жатыр. Дауыс беру процесінде заңдылық пен ашықтық қағидаттары сақталған. Азаматтардың кедергісіз дауыс беруіне жағдай жасалды. Қазіргі уақытта учаскеде дауыс беру қалыпты режимде өтіп жатыр», – деді Нұржамал Жәңгірханқызы.
Айта кетейік, №204 сайлау учаскесінде дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
17
Басты жаңалықтар
Танымал
29.11.2026 11:12
29.11.2026 11:09
29.11.2026 11:07
29.11.2026 11:07
29.11.2026 11:00
29.11.2026 10:58
29.11.2026 10:49
29.11.2026 10:49
29.11.2026 10:47
29.11.2026 10:46
29.11.2026 10:45
29.11.2026 10:44
29.11.2026 10:14
29.11.2026 10:12
29.11.2026 10:10
29.11.2026 09:43
29.11.2026 09:15
29.11.2026 09:09
29.11.2026 09:08
29.11.2026 09:07
24.11.2026 17:13
24.11.2026 09:57
23.11.2026 14:40
24.11.2026 17:16
24.11.2026 15:28
24.11.2026 10:23
26.11.2026 16:28
25.11.2026 15:58
27.11.2026 19:16
24.11.2026 10:58
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев