Otpan News Logo

Сайлаугүл апай – әр сайлаудың белсенді қатысушысы

|
29.11.2026 11:25
Сайлаугүл апай – әр сайлаудың белсенді қатысушысы

Бүгінгі сайлау науқанында ерекше есім иесі, сайлау күні дүниеге келген Онды ауылының тұрғыны Сайлаугүл Сүйірбаева да № 183 учаскеге келіп, өз таңдауын жасады.


Есімі де ерекше күнмен үндескен Сайлаугүл апай аудан көлемінде өтетін маңызды саяси науқанның бірде біреуінен қалыс қалған емес. Әр сайлау сайын учаскеге келіп, азаматтық белсенділігін танытып, өз таңдауын жасауды дәстүрге айналдырған.


Сайлаумен есімі ғана емес, өмірлік ұстанымы да сабақтасып жатқан ол бұл жолы да сайлау учаскесіне келіп, азаматтық міндетін орындады.


С. Сүйірбаеваның бұл белсенділігі – азаматтық жауапкершілік пен ел өміріне немқұрайлы қарамаудың жарқын үлгісі.


Сайлау күні туған жанның сайлаудан қалмауы да өзінше бір жарасымды сәйкестік.

10
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!