Otpan News Logo

Бейнеудегі сайлау учаскесінің төрағасы: Азаматтардың өз таңдауын жасауына барлық жағдай жасалған

|
29.11.2026 13:10
Бейнеудегі сайлау учаскесінің төрағасы: Азаматтардың өз таңдауын жасауына барлық жағдай жасалған

Бейнеу ауданындағы №124 сайлау учаскесінің төрағасы Болатбек Оразалиев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне сұхбат беріп, учаскедегі дауыс беру барысы жөнінде мәлімет берді.


Сұхбат барысында учаске төрағасы дауыс беру жұмысының ұйымдастырылуы, сайлау комиссиясы мүшелерінің қызметі, бақылаушылар мен БАҚ өкілдерінің жұмыс тәртібі туралы айтып өтті.


Болатбек Оразалиевтің айтуынша, сайлау учаскесі белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыс істеп, азаматтардың өз таңдауын еркін жасауына барлық жағдай жасалған. Комиссия мүшелері дауыс беру үдерісінің заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз етуде.

«Біздің басты міндетіміз – әрбір сайлаушының өз таңдауын еркін жасауына жағдай туғызу. Дауыс беру үдерісінің заңдылық, ашықтық және жариялылық қағидаттарына сәйкес өтуіне баса мән беріп отырмыз», – деді Болатбек Оразалиев.
10
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!