Otpan News Logo

«Өзенмұнайгаз» АҚ жұмысшылары сайлауда өз таңдауларын жасады

|
29.11.2026 11:09
«Өзенмұнайгаз» АҚ жұмысшылары сайлауда өз таңдауларын жасады

Жаңаөзен қаласындағы мұнай-газ саласының қызметкерлері аудан мәслихаты депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасады.


Атап айтқанда, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның бірқатар жұмысшысы қаладағы Абай Құнанбайұлы атындағы №19 орта мектеп ғимаратында орналасқан №76 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.


Қала экономикасының негізгі салаларының бірі саналатын мұнай-газ өндірісінде еңбек ететін мамандардың сайлауға қатысуы – олардың азаматтық белсенділігі мен қоғамдық өмірге араласуының көрінісі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген мұнайшылар өндірістік міндеттерімен қатар, қоғам өміріндегі маңызды шараларға да қатысып, азаматтық міндеттерін орындауда.

13
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!