Маңғыстауда еркін күрестен спорт шебері таңдауын жасады
Маңғыстау облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында халықаралық жарыстардың жеңімпазы, еркін күрестен спорт шебері Мұханбет Мәмбетов те дауыс берді. Ол Басқұдық ауылдық округіндегі №206 сайлау учаскесіне келіп, азаматтық таңдауын жасады.
Мұханбет Мәмбетов – спорт саласында ауданның абыройын асқақтатып жүрген спортшылардың бірі. Еркін күрестен халықаралық деңгейдегі жарыстарда топ жарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген балуанның жетістіктері жас спортшыларға үлгі.
Спортшының айтуынша, сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіреді. Сондықтан ол мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауынан тыс қалмай, өз таңдауын жасады.
«Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда. Сондықтан осындай маңызды күнде қалыс қалмай, өз таңдауымызды жасауымыз қажет. Барша аудан тұрғындарын белсенділік танытып, азаматтық міндеттерін орындауға шақырамын», – деді Мұханбет Мәмбетов.