Otpan News Logo

Ақтауда суретші Инна Ермакова мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді

|
29.11.2026 13:00
Ақтауда суретші Инна Ермакова мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді

Ақтаулық суретші Инна Ермакова мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасады.

«Мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына арнайы келдім. Дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым. Еліміз үшін маңызды күнде қапы қалмау керек деп ойлаймын. Барлық отандастарымды дауыс беруге шақырамын»,- дейді өнер иесі Инна Ермакова. 

Инна Ермакова – авторлық картиналарымен танылған өнер иесі. Ол әріптесі Әсел Мұрзағалиевамен бірге қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрін бейнелейтін туындылар жасап келеді.


Шығармашылық дуэттің ерекше жұмыстарының бірі – ұзындығы 4 метрлік Қазақстан тарихының көрінісі бейнеленген картина. Онда Түрік қағанаты дәуірінен бастап, Қазақ хандығы кезеңі мен қазіргі Қазақстанның танымал тұлғаларына дейінгі 101 тарихи және мәдени қайраткер бейнеленген.

5
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!