Ақшұқырда сайлау процесі қалыпты жағдайда өтіп жатыр
Бүгін, 29 қараша күні Ақшұқыр ауылындағы Мәдениет үйінде орналасқан №232 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі өз деңгейінде ұйымдастырылуда.
Сайлау учаскесінің төрағасы Жазира Шортанованың айтуынша, учаскедегі сайлаушылардың жалпы саны – 2 280 адам. Сағат 11:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың келуі қалыпты деңгейде, дауыс беру процесі штаттық режимде өтіп жатыр.
- Бүгінгі сайлау учаскесіндегі дауыс беру процесі қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Таңертеңнен бастап тұрғындар келіп, өз таңдауларын жасауда. Учаскеде дауыс беруге барлық жағдай жасалған, ұйымдастыру жұмыстары талапқа сай жүргізілуде. №232 сайлау учаскесінде жалпы 2 280 сайлаушы тіркелген. Сағат 11:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың келуі қалыпты деңгейде. Әзірге ешқандай заңбұзушылықтар мен келеңсіз жағдайлар тіркелген жоқ. Барлық жұмыс белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізілуде, - дейді Жазира Шортанова.
11
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев