Қарақиядағы учаске аумақтарында жәрмеңке ұйымдастырылды
Бүгін Қарақия ауданында өтіп жатқан сайлау науқаны аясында сайлау учаскелерінің аумағында арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды. Аталған бастаманың басты мақсаты – дауыс беруге келген тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлау, халықтың азаматтық белсенділігін арттыру және қоғамдық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу.
Сайлау күні өз таңдауын жасауға келген аудан тұрғындары жәрмеңке алаңынан қажетті тауарлар мен азық-түлік өнімдерін тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл бастама сайлаушыларға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, маңызды саяси науқанның көтеріңкі әрі ұйымшылдықпен өтуіне оң әсерін тигізуде.
Айта кету керек, барлық мәдени-көпшілік және сауда шаралары сайлау туралы заңнама талаптарына, сондай-ақ санитарлық-қауіпсіздік нормаларына қатаң сәйкестікте өткізілуде. Ұйымдастырушылар тарапынан жәрмеңке жұмысының дауыс беру барысына және сайлау процесіне ешқандай кедергі келтірмеуі толық қамтамасыз етілген.
Осылайша, Қарақия ауданындағы сайлау күні тұрғындардың белсенділігімен және қоғамдық тәртіптің сақталуымен ерекшеленіп, жоғары ұйымдастырушылық деңгейде жалғасуда.