Otpan News Logo

Қарақиялық қолөнер шебері сайлауға қатысты

|
29.11.2026 11:07
Қарақиялық қолөнер шебері сайлауға қатысты

Мәслихат депутаттарының сайлауында Қарақия ауданының қолөнершілері де белсенділік танытып, таңдау жасауда. Солардың қатарында ұлттық қолөнерді дәріптеп жүрген былғары бұйымдарының шебері Марат Нарынбайұлы Амантаев №145 сайлау учаскесіне барып, азаматтық құқығын жүзеге асырды.


Ата-баба мұрасын жаңғыртып, былғары өңдеу өнерін дамытуға сүбелі үлес қосып жүрген шебер өңірдің мәдени әлеуетін арттыруға атсалысып келеді. Кәсіби шеберлігімен танылған қолөнершінің саяси науқаннан тыс қалмауы – шығармашылық иелерінің де ел болашағына бейжай қарамайтынын айғақтайды. 


Оның айтуынша, әрбір азаматтың дауыс беруі – туған өлкенің өркендеуі мен жарқын келешегіне қосылған нақты үлес.

12
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!