Қарақияда туған күн иелері де белсенділік танытуда
Елімізде өтіп жатқан мәслихат депутаттарының сайлауы тұрғындардың қоғамдық-саяси өмірге деген жоғары жауапкершілігін айқын аңғартуда. Сайлау күні өздерінің жеке мерекелеріне – туған күндеріне қарамастан, сайлау учаскелеріне арнайы келіп, азаматтық ұстанымын білдіріп жатқан азаматтардың қатары аз емес.
Жеке күнін отбасы ортасында немесе мерекелік дастархан басында атап өтудің орнына, ең алдымен елдің болашағы мен даму бағытын айқындайтын маңызды науқанға үлес қосуды жөн көрген тұрғындардың бұл әрекеті көпшілікке үлгі боларлықтай. Сайлау учаскелеріне келген әрбір азамат бюллетень алып, өз таңдауын жасау арқылы өңірдің өркендеуіне өз үлесін қосуда.
Мереке иелерінің бұл белсенділігі сайлау комиссиялары мен ұйымдастырушылар тарапынан да назардан тыс қалған жоқ. Туған күн иелеріне азаматтық белсенділігі мен жауапкершілігі үшін шынайы алғыс айтылып, жүрекжарды жылы лебіздер білдірілді. Сондай-ақ оларға құрмет көрсетіліп, арнайы сый-сыйапаттар табысталды.