Otpan News Logo

Бейнеу ауданының ең жас мектеп директоры мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді

|
29.11.2026 12:24
Бейнеу ауданының ең жас мектеп директоры мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді

Бүгін еліміз бойынша өтіп жатқан мәслихат депутаттарының сайлауына Бейнеу ауданының ең жас мектеп директоры Балуанияз Демеуов те қатысып, өз таңдауын жасады.


30 жастағы Балуанияз Демеуов Ж. Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектепті басқарады. Ол мектеп директоры қызметіне алғаш рет 27 жасында тағайындалған.


«Сайлау – әр азаматтың өз таңдауын жасап, ел өміріне араласуына берілген мүмкіндік. Сондықтан мұндай маңызды науқаннан тыс қалмай, дауыс беру әрқайсымыздың азаматтық жауапкершілігіміз деп санаймын. Бүгін мен де өз таңдауымды жасадым», - деді ол.


Айта кетейік, Балуанияз Демеуов еңбек жолын 2017 жылы білім беру саласында бастаған. Әр жылдары аудандық білім бөлімінде бас маман, тарих пәнінің мұғалімі, Ақжігіт жалпы білім беретін мектебінің директоры қызметтерін атқарған. 2025 жылдың тамыз айынан бастап Ж. Қалдығараев атындағы мектептің директоры.

59
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!