16 наурыздан бастап Қазақстанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру басталды
Мемлекет басшысы «Мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтеген әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2026 жылғы наурыз–маусым және қыркүйек–желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды otpannews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Жарлықта былай делінген:
«Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы” Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және “Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы” Заңының 31-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. 2026 жылғы наурыз–маусым және қыркүйек–желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтеген әскери қызметшілер запасқа шығарылсын.
2. 2026 жылғы наурыз–маусым және қыркүйек–желтоқсан айларында кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырудан босатуға құқығы жоқ, жасы 18 бен 27 аралығындағы ер азаматтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметі қатарына мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
3. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2026 жылғы наурыз–маусым және қыркүйек–желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып, өткізуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметі Қазақстан азаматтарын мерзімді әскери қызметін өтеу үшін Қарулы Күштерге, Ішкі істер министрлігіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Мемлекеттік күзет қызметіне жіберуді, сондай-ақ белгіленген мерзімді өтеген әскери қызметшілерді запасқа шығаруды қаржылық және материалдық тұрғыда қамтамасыз етсін.
5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі».
9
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев