Otpan News Logo

Ақтауда 14-шағын ауданның тұрғындары заңсыз иемденіп алған аумақты қайтарып алды

Ақтауда 14-шағын ауданның тұрғындары заңсыз иемденіп алған аумақты қайтарып алды
ашық дереккөзден

Сот шешімі бойынша "СОХО 14" құрылысын салушы өз бетінше иемденіп алған қала аумағын босатуға міндеттелді. Бұл шешімді Маңғыстау облыстық азаматтық істер жөніндегі сот алқасы қабылдады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Тұрғындар әділдік іздеп, барлық инстанцияға жүгінуді алдыңғы жылдың қараша айынан бастады. Қоғам белсенділері құрылыс салушыдан адамдардың еркін жүріп-тұруы үшін қала аумағын босатуды талап етті.


«Біз құбырларды тротуардан алып тастауды талап еттік. Себебі олар жаяу жүргіншілер жолының тең жартысын алып жатты. Ол жерден өту үшін осы құрылыстарды айналып жүруге тура келетін. Балалар арбасымен жүрген аналар мен  мүгедектігі бар жандар қалай өтпек? Тротуардың тар болғаны сонша, адамдарға көлік жүретін жолмен жүруге тура келді. Сондай-ақ, үй иелері бастапқыда балалар алаңына арналған қала аумағын автотұрақ ретінде басып алып, жайқалып тұрған ағаштарды кесіп тастады. Сауда орталығының маңындағы жолдарды да жауып тастады. Бұрын ол жерден екі көлік еркін өтетін болса, қазір біреуі әрең сыяды. Бұл мәселелер бізге кедергі келтірді. Адамдар өз үйіне еркін жете алмайтын жағдайға жетті. Жерге жауапты құзырлы мекеме заң бұзушылықтарды анықтап, оларға бірнеше рет айыппұл салды. Бірақ олар бұған құлақ аспады. Біз сотқа арыздандық. Енді сот шешімімен "Сохо 14" қала аумағын қайтаруға міндетті. Қазір біз сот шешімінің орындалуын күтіп отырмыз», - дейді қоғам белсенділері.
40
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!