Otpan News Logo

Референдум бойынша Exit poll нәтижелері жарияланды

|
16.03.2026 09:29
Референдум бойынша Exit poll нәтижелері жарияланды
otpannews.kz

Қазақстандағы барлық сайлау учаскелері 15 наурыз күні сағат 20:00-де жабылды. Еуразиялық интеграция институты мен «СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты жүргізген сауалнамаларды өңдеуден кейін Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша республикалық референдумның экзитполдарының алғашқы деректері белгілі болды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты informburo.kz-ке сілтеме жасап.


Еуразиялық интеграция институтының алдын ала мәліметтері бойынша, сайлаушылардың келуі 75,3%-ды құраса, сауалнамаға қатысқандардың 86,7%-ы жаңа Конституция жобасын қабылдауды қолдаған.


Сауалнама еліміздің 17 облысындағы, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы 200 сайлау учаскесін қамтыды. Оның ішінде 129 қалалық және 71 ауылдық учаске бар. Зерттеуге 30 мың адам қатысты.


«Социс-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының сауалнама мәліметтері бойынша:

Референдумға қатысушылардың 87,4%-ы жаңа Конституцияны қабылдауға дауыс берді.

Сайлау учаскелеріне келу көрсеткіші 73,8%-ды құрады.


Қазақстанда дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды, содан кейін учаскелік комиссиялар бюллетендерді санауға кірісті. Аумақтық комиссиялардың мәліметінше, референдумға 9 126 850 қазақстандық қатысып, дауыс беруге құқылы адамдардың 75,3%-ы референдумға барды. 


Айта кетейік, экзитпол деректері дауыс берудің ресми қорытындысы емес. Референдумның түпкілікті нәтижелерін Орталық комиссия дауыстарды санау аяқталғаннан кейін жариялайды.

72
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!