Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«TurkicSkills-2025»: Маңғыстауда дрон технологияларын білім беру процесіне енгізу мәселесі талқыланды

|
08.10.2025 09:53
«TurkicSkills-2025»: Маңғыстауда дрон технологияларын білім беру процесіне енгізу мәселесі талқыланды

Маңғыстауда «TurkicSkills-2025» І халықаралық шеберлік чемпионаты аясында Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде «Дрон технологиялары: Болашақтағы кәсіптер мен мамандықтар үшін жаңа мүмкіндіктер» атты семинар өтті, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Семинардың мақсаты – дрон технологияларын білім беру процесіне енгізу арқылы студенттердің заманауи инженерлік және цифрлық құзыреттерін арттыру, сонымен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптерді игеруге жол ашу. Семинар Маңғыстау облысы білім басқармасы мен халықаралық білім беру және инновация орталығының ұйымдастыруымен өтті.


Екі күнге созылған семинарға Маңғыстау облысынан бөлек Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарынан 50-ге жуық колледж басшысының орынбасары, арнайы пән оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері қатысты.


Семинардың теориялық бөлімінде қатысушылар дрон құрылымы, басқару пульті, ұшу мен қону процесі, ұшу қауіпсіздігімен танысты. Ал практикалық кезеңде дронның аэродинамика негіздері, кеңістікте бағдарлануы, түзу бағытта және матрица бойынша ұшу жаттығулары өтті. Қатысушылар дрондармен жұмыс істеудің негізгі дағдыларын меңгере отырып Сучжоу политехникалық университетінің профессоры Хуан Хаомен халықаралық деңгейде тәжірибе алмасты.


Халықаралық білім беру және инновация орталығының директоры Айман Абзал іс-шараның маңызына тоқталып өтті.


- Бүгінгі іс-шара жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру саласында жаңа бағыттарды дамытуға серпін береді. Алдағы уақытта дрон-инжиниринг, картография, агротехнология және логистика салалары бойынша жаңа оқу курстарын өткізу жоспарда бар. Жоба аясында Маңғыстау өңірлік колледж басшыларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтеді, – деді Айман Абзал. 


Айта кетейік, дрондар (БПЛА) — ұшқышсыз басқарылатын әуе аппараттары. Олар информатика, география, инженерия және робототехника сияқты пәндермен тығыз байланысты, себебі GPS пен сенсорлық жүйелердің негізінде жұмыс істейді. Бұл технологиялар студенттерге деректерді жинау, өңдеу және визуализациялау дағдыларын тәжірибе жүзінде меңгеруге мүмкіндік береді.

32
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!