Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Mangystau Hub-та үздік AI жобалар анықталды

Mangystau Hub-та үздік AI жобалар анықталды

Инновациялық кеңістік Mangystau Hub-та жасанды интеллект технологияларына арналған Pizza Pitch: AI Edition шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты – стартап экожүйесін дамыту, жаңа идеялармен алмасу және жас кәсіпкерлерге, әзірлеушілер мен студенттерге өз жобаларын таныстыру алаңын ұсыну, деп хабарлайды otpannews.kz.


Жоба авторлары жасанды интеллектті туризм, көлік қауіпсіздігі, өндірістік бақылау және деректерді талдау салаларында қолданудың заманауи тәсілдерін ұсынды.


Pizza Pitch жобасының басты міндеті – инноваторлар мен сарапшылар арасында кәсіби байланыс орнату, аймақтағы технологиялық әлеуетті арттыру және перспективалы идеяларды іске асыруға қолдау көрсету.


Шараға жеті стартап-жоба қатысты: Nomad Visit, Olimpiad Hub, AI Conductor, AI Detector, AI for Drivers, H2Security және Kazakh A1vestment.


Қазылар алқасының шешімі бойынша үздік үш жоба анықталды.


1 орын — Nomad Visit. Қазақстандағы алғашқы жасанды интеллект негізіндегі туристік гид-қосымша. Қолданушыға жеке маршрутты бірнеше минутта қалыптастырып, ақпарат іздеуге кететін уақытты 70%-ға дейін қысқартады және тілдік кедергілерді жояды.


2 орын — AI for Drivers. Көлік жүргізушілерінің ұйықтап кетуінен болатын апаттардың алдын алуға арналған интеллектуалды құрылғы. Камера көз қозғалысын бақылайды, ал діріл білезігі шаршау белгілерін анықтаған сәтте жүргізушіні оятады. Қарапайым, интернетсіз жұмыс істейтін және жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шешім.


3 орын — H2Security. Мұнай-газ саласына арналған автоматтандырылған қауіпсіздік жүйесі. Газдың ағуын, ауаның сапасын және қызметкерлердің жағдайын бақылай отырып, жасанды интеллект көмегімен ықтимал тәуекелдерді алдын ала болжайды.

85
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!