Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда 100 түп ағаш отырғызылды

Ақтауда 100 түп ағаш отырғызылды

Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Президент паркі» аумағына 100 түп ағаш отырғызылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Шара «Mangistau Energo Munay» ЖШС-ның бастамасымен өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту және ағаштардың көлемін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Жасыл желек отырғызуға 40 мекеме қызметкері атсалысты. Паркке акация, вязь, қараағаш, сафора сияқты жергілікті ағаш түрлері отырғызылды. 


«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосу мақсатында «Президент паркіне» 100 түп ағаш отырғыздық. Ол үшін ботаникалық бақтан арнайы жергілікті ағаштарды әкелдік. Бұған дейін мекемеміздің жастар командасы теңіз жағалауында өткізілген сенбіліктерге белсене қатысты. Алдағы уақытта да тоқтап қалмай жаңа экологиялық жобаларды іске асыратын боламыз. Сондай-ақ бұл экологиялық челленджді басқа ұйымдарға жолдаймыз, – деді «Mangistau Energo Munay» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Қуанбек Бекалиев.


Ұйымдастырушылар тұрғындарды сенбіліктерге қатысып қана қоймай, күнделікті өмірде де қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырды.

56
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!