Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында шаһар мәселелері талқыланды

Ақтауда қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында шаһар мәселелері талқыланды

Ақтауда қалалық мәслихаттың кеңейтілген тұрақты комиссия отырысы мен кезектен тыс XXIV сессиясы өтті. Жиынға қала әкімі Әбілқайыр Байпақов, қалалық мәслихат хатшысы Сембіғали Зәкенов, мәслихат депутаттары, әкім орынбасарлары, бөлім басшылары мен мекеме жетекшілері қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Сессияның күн тәртібіне бірқатар өзекті мәселелер енгізілді. Атап айтқанда, тұрғын үй сертификатының мөлшерін бекіту, әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия құрамын бекіту, сондай-ақ мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы келісімшарт жобасын мақұлдау жөніндегі мәселелер қаралды.


Қала әкімі Әбілқайыр Байпақов жиын барысында 2025 жылға жоспарланған жұмыстар жайында баяндама жасап, негізгі басымдықтарға тоқталды. Әкімнің айтуынша, кәсіпкерлікті дамыту – басты назарда. Бизнес ашу мен жүргізуге қолайлы орта қалыптастыру, мемлекеттік бағдарламалар арқылы кеңес беру және қаржылай қолдау шаралары жалғасып жатыр. 


Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері де жергілікті өнім өндірушілер үшін тиімді сауда алаңына айналған.

Абаттандыру саласында биыл 80 балалар ойын алаңы мен 50 спорт алаңын орнату көзделген. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолдары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері жаңартылуда. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында бірнеше шағынауданда скверлер мен аулаларды абаттандыру басталды.


Білім беру инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында мектептер мен балабақшалар маңында автотұрақтар салынып, жолдар кеңейтіліп жатыр.


– Қала тұрғындары үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру – біздің басты мақсатымыз. Барлық жұмыстар кезең-кезеңімен, жүйелі түрде жүзеге асырылатын болады, – деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.


Сессия соңында мәслихат депутаттары қала әкіміне ұсыныс-пікірлерін білдіріп, өзекті мәселелерге назар аударды. Тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

75
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!