Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда дзюдодан Азияның ашық кубогы өтеді

|
07.10.2025 15:32
Ақтауда дзюдодан Азияның ашық кубогы өтеді

11-12 қазан күндері аралығында Ақтауда ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия ашық кубогы өтеді,  деп хабарлайды otpannews.kz.


Дәстүрлі турнир Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми күнтізбесіне енген. Биылғы сынға Әзірбайжан, Беларусь, Гонконг, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан және Халықаралық дзюдо федерациясының құрамасынан 200-ден астам татами шебері қатысады деп күтіліп отыр.


Азия кубогы Халықаралық дзюдо федерациясының ережелеріне сәйкес өтіп, рейтингтік ұпай үлестіріледі. Жүлде алған спортшылар арасында I орынға - 100, II орынға – 70, III орынға 50 ұпайдан беріледі.  

85
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!