Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

БЖЗҚ: Стоматологиялық қызметтерге салынған тыйымнан кейін офтальмолог қызметіне жүгінетіндер саны көбейді

|
08.10.2025 09:37
БЖЗҚ: Стоматологиялық қызметтерге салынған тыйымнан кейін офтальмолог қызметіне жүгінетіндер саны көбейді

Қыркүйек айында офтальмологиялық қызметке біржолғы зейнетақы төлемдеріне жалпы сомасы 1,4 млрд теңгені құрайтын 1611 өтініш қаралды. Тамыз айымен салыстырғанда бұл тиісінше 5,8 және 7 есе өскенін көрсетеді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты DATA HUB-ке сілтеме жасап.


Естеріңізге сала кетейік, «Отбасы Банкі» 15 қыркүйектен бастап, емделуге арналған қаражатты алудың ең көп тараған себебі – тіс емдеу үшін зейнетақының артығын пайдалануға өтініштерді қабылдау тоқтайтынын хабарлады. Банк өкілдерінің айтуынша, бұл салада алаяқтық фактілер саны артқан. Олармен күресуде биылғы көктемде енгізілген қосымша бақылау шаралары да тиімсіз болып шықты.


Нәтижесінде «зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдалану фактілерінің анықталуына байланысты» стоматологиялық төлемдер жойылды. Осы істердің кейбірі бойынша күдіктілерді іздеу жұмыстары қазірдің өзінде жүріп жатыр.


Нәтижесінде, соңғы айда БЖЗҚ-ға қайтарылған қаражаттың саны күрт өсті. Бұл 27 300 стоматологиялық өтініш, яғни – 21,8 млрд теңгені құрайды. Салыстырмалы түрде айтсақ, тамыз айында 6300 стоматологиялық өтініш үшін 3,7 млрд теңге қайтарылған.

49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!