Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда қала гарнизоны әскери бөлімдерінің бос лауазымдар жәрмеңкесі өтеді

|
08.10.2025 15:57
Ақтауда қала гарнизоны әскери бөлімдерінің бос лауазымдар жәрмеңкесі өтеді

Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастамасымен 2025 жылғы 11 қазанда Ақтау қаласында Ақтау гарнизоны әскери бөлімдерінің бос лауазымдар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Сонымен қатар мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелері де қарастырылады.


Жәрмеңке 16 шағынаудандағы «Ақтау» сауда-ойын-сауық орталығында, сағат 12:00-де басталады. 


Іс-шара барысында келушілер келісімшарт бойынша әскери қызмет туралы толық ақпарат ала алады. Сондай-ақ Ақтау гарнизоны әскери бөлімдеріндегі бос лауазымдар тізімімен танысып, мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша сұрақтарына жауап алады. Бұдан бөлек жергілікті әскери басқару органдары мен кадр бөлімдерінің өкілдерінен алғашқы кеңес алу мүмкіндігі қарастырылған.

54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!