Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Қазақстан қалаларындағы нүктелі құрылыстар мәселесін жаңа құрылыс кодексі реттейді

Қазақстан қалаларындағы нүктелі құрылыстар мәселесін жаңа құрылыс кодексі реттейді

Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспав Мәжілістегі брифингте жаңа Құрылыс кодексі жобасында нүктелі құрылысқа тосқауыл қоюға арналған шаралар қарастырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


Министр бұл тәжірибеге нүкте қойылатынын айтты.


«Әкімдіктер енді егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өздігінен ғимараттар қоса алмайды. Белгілі бір кәсіпкердің тілегі не қысымы арқылы, мысалы, сквердің орнына бизнес-орталық салуға жол берілмейді. Қаланың бас жоспары алдын ала бекітілген және ол өзгертілмейді. Құжаттар тек егжей-тегжейлі жоспарға сәйкес рәсімделеді. Оны ешкім өзгерте алмайды, бұл – заң бұзушылық болады», – деді министр.


Ол бұған дейін заңнамада нүктелі құрылыстарға жол ашқан олқылықтар болғанын мойындады.


«Бұдан былай барлық деңгейде мемлекеттік бақылау күшейеді және әрбір бұзушылық үшін жауапкершілік болады. Қажет болса, қылмыстық жаза да қолданылады», – деді Нағаспав.


Айта кетейік, бүгін, 2025 жылғы 8 қазанда Мәжіліс жаңа Құрылыс кодексі жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

41
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!