Тұрғын үй сатып алуда сақ болыңыз!
Маңғыстау облысының тұрғындарын салынып жатқан тұрғын үйден пәтер сатып алу кезінде барынша сақ болуға шақырамыз.
Қаражат салмас бұрын құрылыс салушының заңнамада көзделген рұқсат құжаттарының бар-жоғын міндетті түрде тексеріңіз. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу тек белгіленген тәртіппен және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Әлеуметтік желілердегі «нарықтан төмен баға», «алғашқы жарнасыз», «бөліп төлеу», «тек бүгін жеңілдік» секілді тартымды жарнамаларға асығыс сенбеңіз.
Егер құрылыс салушы алдын ала сатып алу-сату шартын, брондау, қарыз немесе үлестік қатысу шартына жатпайтын өзге де келісімдерді ұсынса, оның заңдылығына ерекше назар аударыңыз.
Өз құқығыңызды қорғаңыз – құжаттарды тексермей тұрып қаражат салмаңыз!
Қосымша ақпарат инфографикада көрсетілген.