Otpan News Logo

Ақтауда оқушылар жолақыны QR-кодпен төлей алады

|
31.08.2026 17:07
Ақтауда оқушылар жолақыны QR-кодпен төлей алады

Ақтауда қоғамдық көлікте оқушылардың жеңілдетілген тарифпен жол жүруі үшін жолақыны QR-код арқылы төлеуге мүмкіндік бар, деп хабарлайды otpannews.kz.


Ол үшін алдымен Play Market арқылы Avtobys қосымшасын жүктеп алу қажет. Оқушының телефон нөмірі қосымшаға тіркелгеннен кейін, бастапқыда стандартты тариф белгіленеді.


Одан әрі jenil.avtobys.kz сайты арқылы «Оқушы тарифіне» ауысуға өтінім бересіз.


Өтінім мақұлданған соң оқушы автобустағы QR-кодты сканерлеп, жолақысын жеңілдетілген тарифпен төлей алады.


Бұл жүйе оқушылардың қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу үдерісін жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!