Otpan News Logo

Маңғыстау ауданында жаңа жобалар жүзеге асып жатыр

Маңғыстау ауданында жаңа жобалар жүзеге асып жатыр

Маңғыстау ауданындағы Қосбұлақ-1 және Қосбұлақ-2 шағын аудандарында тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz.


Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қосбұлақ-1 ауылдық мәдениет үйі жөндеуден өтіп, ғимарат ішінен жабдықталған спорт залына «Самұрық-Транс» қорының қолдауымен заманауи спорттық құрал-жабдықтар алынды. Бұл ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізіп, спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді.


Бұған дейін Қосбұлақ-1 және Қосбұлақ-2 аумақтарындағы оқушылар аудан орталығына қатынап білім алатын. Бүгінде жаңадан бой көтерген Қосбұлақ-2 дегі «Келешек» мектебінде білім алуға мүмкіндік алды.


Сонымен қатар, аудан әкімдігімен бюджет қаражаты есебінен жоспар әзірленіп, ауыл орталығында жаңа саябақ бой көтерді. Бұл – тұрғындарға жайлы демалыс қалыптастыруға бағытталған игі бастамалардың бірі.


Шағын аудан көшелеріндегі бағандарға 70 электр шамы орнатылып, аумақтың түнгі жарықтандырылуы жақсарды. 


Бұған қоса, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында Қосбұлақ-1 және Қосбұлақ-2 шағын аудандарын сумен қамту жобасы әзірленді. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстары басталады.


Мәдениет үйі мен жаңа саябақты байланыстыратын 60×20 метр көлеміндегі алаңға тас төсеме төсеу жоспарлануда.

66
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!