Otpan News Logo

Сайын Шапағатов ауылында спорт кешені ашылды

|
31.08.2026 14:33
Сайын Шапағатов ауылында спорт кешені ашылды

Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылында Сақып Бүркітбайұлы Керелбаев атындағы спорт кешені ашылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, салтанатты ашылу рәсіміне Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілек Жеткізгенұлы, қоғам қайраткерлері және ауыл тұрғындары қатысты. 


Жиында Тілек Жеткізгенұлы облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың атынан ауыл тұрғындарын жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтап, бұқаралық спортты дамыту мен жастарға қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығына тоқталды.


Жаңа спорт кешені 140 балаға арналған. Мұнда бокс, дзюдо, еркін және грек-рим күресі, футбол, волейбол, қол күресі, гір тасын көтеру және басқа да спорт секциялары қамтылды. Сонымен қатар 20 жаңа жұмыс орны ашылды. Жобаны «Дарабоз» ЖШС жүзеге асырды.


Түпқараған ауданында қазіргі таңда 5 мемлекеттік және 3 жекеменшік спорт кешені тұрғындарға қызмет көрсетеді.


Айта кетейік, спорт кешеніне Маңғыстау облысының Құрметті азаматы, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Сақып Бүркітбайұлы Керелбаевтың есімі берілді.

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!