Otpan News Logo

Биыл маңғыстаулық түлектер қандай мамандықтарды таңдады?

Биыл маңғыстаулық түлектер қандай мамандықтарды таңдады?
ашық дереккөзден

Өңірдің дамуы білімді жастар мен озық ойлы мамандарға тікелей байланысты екені белгілі. Осы орайда Маңғыстау жастарының сапалы жоғары білім алуына мемлекет тарапынан ауқымды қолдау көрсетіліп жатыр. Мемлекеттік қолдау бағыттары педагогикалық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, сондай-ақ инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларын толық қамтиды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен түлектердің таңдауы туралы Мектепке дейінгі жалпы орта техникалық және кәсіптік білім бөлімінің бас маманы Ляззат Нұрпейісова айтып берді.


«2026 жылы 3554 оқушы республикалық білім беру грантына ие болды. Оның ішінде нысаналы грант бойынша 2500 грант толық игерілді», – деді Ляззат Нұрпейісова.


Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен де білім гранттары бөлініп, жастардың мамандық алуына жағдай жасалған.


«2026–2027 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен бакалавр мамандығына белгіленген грант саны – 163. Оның ішінде медицина, өнер, дінтану, туризм, инженерия, ауыл шаруашылығы, қоршаған орта және ақпараттық технологиялар бағыттарына орындар бөлінді. Қазіргі таңда барлық студенттер оқу орнына орналасты. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасын таба бермек», – деп атап өтті бас маман.


Маңғыстаулық түлектердің таңдауы тек дәстүрлі мамандықтармен шектелмейді. Бүгінгі таңда өңірде медицина, IT, инженерия, құрылыс, туризм және табиғи ресурстарды басқару сияқты еңбек нарығында аса қажетті сұраныс бар салаларға маман даярлауға басымдық беріліп отыр.

50
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!