Otpan News Logo

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында бес жүлде жеңіп алды

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында бес жүлде жеңіп алды

Орал қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан ҚР чемпионатында Маңғыстау облысының құрамасы бес жүлдеге ие болды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Чемпионаттың алғашқы жарыс күнінде 52 келіге дейінгі салмақта Меруерт Сәрсенова күміс жүлде иеленсе, 48 келіге дейінгі салмақта Аяулым Тұрдикеге қола медаль бұйырды.


Екінші жарыс күнінде Маңғыстау құрамасының қоржыны тағы екі жүлдемен толықты. 81 келі салмақта Асқар Нарқұлов күміс медаль, Азат Күмісбай қола жүлде жеңіп алды.


Айта кетейік, Маңғыстау құрамасының негізгі фавориттерінің бірі Асқар Нарқұлов финалдық белдесуге жарақатына байланысты шыға алмады. 


Үшінші жарыс күнінде +100 келі салмақта Жантілек Нұртілепұлы қола жүлдеге ие болды. Осылайша, чемпионат қорытындысы бойынша Маңғыстау құрамасы екі күміс және үш қола медаль еншілеп отыр.


Әр спортшы белдесуде соңына дейін күресіп, өз мүмкіндігін барынша пайдалануға тырысты. Әрине, кейбір белдесулерде тактикалық қателіктер де болды, бірақ бұл – дзюдошы үшін тәжірибе. Асқар Нарқұлов финалға дейін жетіп, жарақатына байланысты шешуші белдесуге шыға алмады. Соған қарамастан, оның көрсеткен нәтижесі жоғары бағалауға лайық. Ал командалық белдесулерде әр спортшының жеңісі бүкіл команданың нәтижесіне әсер етеді. Сондықтан ертеңгі жарысқа жігіттер де, қыздар да барынша жинақы шығып, Маңғыстаудың намысын қорғауға дайын, – деді Маңғыстау облысының аға бапкері Пернехан Төлепов.


Ертең, 1 қыркүйек күні ел біріншілігінің командалық белдесулері өтеді. Маңғыстау облысының намысын 57 келіге дейінгі салмақта Асылтас Әлен, 70 келіде Ұлдана Қожаназарова, 73 келіде Бекболсын Жолымбек пен Мұхтар Мәди, +78 келіде Гүлдана Теңелбаева, 90 келіде Бернияз Мұрат, Қыдырқожа Қобылан сондай-ақ +100 келіде Жайман Адалбек пен Жантілек Нұртілепұлы қорғайды.

10
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!