Otpan News Logo

Маңғыстауда білім беру ұйымдары жаңа оқу жылына дайын

|
01.09.2026 08:47
Маңғыстауда білім беру ұйымдары жаңа оқу жылына дайын

Маңғыстауда білім беру ұйымдары жаңа оқу жылына толықтай дайын. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаев айтты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Амантай Кумбаевтың айтуынша, өңірде жаңа оқу жылында 742 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 465 балабақша, 214 мектеп және 25 колледж бар. Мектептерде 200 мыңға жуық оқушы білім алады. 


- Қазіргі таңда бірінші сыныпқа 19 625 бала қабылданды. Жаңа оқу жылынан бастап 1-4 сыныптар «Цифрлық сауаттылық және жасанды инттелект» пәнін оқиды. Сонымен қатар, 2-4 сынып оқушылары үшін формативтік және аралық бағалауды қамтитын бағалаудың жаңа тәртібі енгізіледі. Барлық білім беру ұйымы бейнебақылау камераларымен қамтылды, - деді Амантай Кумбаев.


Маңғыстау облысының санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Баян Сатқанбаеваның айтуынша, 

жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде өңірдегі мектептерге, мектеп-интернаттарға және мектеп асханаларына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізілді.


- Мониторингтің негізгі мақсаты - білім беру ұйымдарының санитариялық талаптарға сәйкестігін бағалау, балалардың қауіпсіз білім алуына қажетті жағдайлардың жасалуын қамтамасыз ету және оқу жылы басталғанға дейін анықталған кемшіліктерді жою. Асханалардың санитариялық жағдайы, тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігі, ас мәзірінің талаптарға сәйкестігі және тағам дайындау технологиясының сақталуы тұрақты бақылауда және алдағы уақыттарда да талаптарға сай жұмыстың жүргізілуі қадағаланып отырады. Қазір Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында 208 білім беру ұйымы, оның ішінде 9 мектеп-интернат және 193 мектептің ас блогы бар, - деді Баян Сатқанбаева.



Спикердің айтуынша, мектептегі тамақтану мәселесі бойынша 2026–2027 оқу жылына арналған перспективалық ас мәзірі қайта қаралып бекітілді.

4
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!