Otpan News Logo

«Сарбаздың хаты»: Ақтауда жас жауынгерлер бақ сынады

«Сарбаздың хаты»: Ақтауда жас жауынгерлер бақ сынады

Ақтауда жас сарбаздар арасында облыстық «Рухты сарбаз» әскери-патриоттық байқауы өтті. Іс-шара «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Байқауға өңірдегі әскери бөлімдерден іріктелген 20 сарбаз үш кезең бойынша бақ сынады. Алғашқы кезеңде сарбаздар әскери өмірді таныстыратын бейнероликтерін ұсынды. Одан кейін ән, күй, терме, би және көркемсөз бойынша өнер көрсетті. Ал «Сарбаздың хаты» кезеңінде қатысушылар ата-анасы мен жақындарына арнаған хаттарын оқыды.


«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Амангүл Жайылханованың айтуынша, байқау жас сарбаздарға патриоттық тәрбие беріп, олардың қоғаммен байланысын нығайтуға бағытталған.


Байқауды осы мақсатта жыл сайын өткіземіз. Биыл қатысушылардың дайындық деңгейі жоғары болды. Әсіресе «Сарбаздың хаты» кезеңінде олардың шынайылығы мен жауапкершілігі байқалды, – деді Амангүл Жайылханова.


Іс-шарада Маңғыстау облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбілов те сөз сөйлеп, жас сарбаздардың Отан алдындағы борышына жауапкершілікпен қарап жүргенін атап өтті.


Байқау қорытындысы бойынша:

І орын – ҚР Ұлттық ұланының 6656 әскери бөлімінің сарбазы Бекнұр Мұратов;

ІІ орын – ҚР ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаменті Қарақия ауданы бойынша шекара басқармасының сарбазы Әділет Айтжан;

ІІІ орын – ҚР ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаменті Қарақия ауданы бойынша шекара басқармасының сарбазы Нұрәділ Бәйімбетов.


Жеңімпаздарды Маңғыстау облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Данияр Жақсылықов марапаттады. Байқауға қатысқан барлық сарбазға облыс әкімінің алғыс хаты табысталып, арнайы сыйлықтар берілді.

10
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!