Главная | Әлеумет
Түпқарағанда есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру дерегі анықталды
Нұргүл Алясова
|
05.09.2025 11:26

скрин
Түпқараған ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері Ақшұқыр ауылында тұрғынның үйінің ауласына есірткілік өсімдік - қарасораны заңсыз өсіргенін анықтады, деп хабарлайды otpannews.kz.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, дерек «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде белгілі болды.
- Тінту кезінде 749 түп қарасора өсімдігі, сондай-ақ ыдысқа салынған кептірілген қарасора және марихуанаға ұқсас оралған шөп тәркіленді. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі («Өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе өсіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.
Полицейлер есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың баламаларын заңсыз айналымға енгізу, өндіру, сақтау немесе өсіру – ауыр қылмыс болып саналады және заңмен қатаң жазаланатынын еске салады.
37
Басты жаңалықтар
Танымал
05.09.2025 21:04
05.09.2025 17:47
05.09.2025 17:46
05.09.2025 17:07
05.09.2025 16:40
05.09.2025 16:27
05.09.2025 15:13
05.09.2025 14:47
05.09.2025 14:39
05.09.2025 14:20
05.09.2025 14:05
05.09.2025 13:58
05.09.2025 12:40
05.09.2025 12:11
05.09.2025 12:08
05.09.2025 11:26
05.09.2025 10:41
05.09.2025 10:40
05.09.2025 09:59
04.09.2025 21:12
31.08.2025 20:35
02.09.2025 14:37
02.09.2025 11:05
02.09.2025 12:46
31.08.2025 11:42
02.09.2025 09:21
01.09.2025 21:56
04.09.2025 13:56
02.09.2025 17:49
03.09.2025 10:40

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев