Бейнеуде "Бақытты отбасы - бақытты ел" акциясы өтіп жатыр.

Бейнеу ауданында тәртіп сақшыларының бастамасымен «Бақытты отбасы – бақытты ел» ақпараттық акциясы басталды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Іс-шара өткізудегі басты міндет - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік мәселесіне қоғам назарын аудару.
10-шы қыркүйекке дейін жалғасатын іс-шараның негізгі мақсаты – зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық, құқықтық көмек көрсету, отбасы құндылықтарын арттыру, зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту бағытында қызмет көрсету, бұқаралық ақпарат құралдарында сенім телефондары және дағдарыс орталықтары туралы мағлұмат беру, халық арасында құқықтық түсіндіру жұмысын өткізу, тұрмыстық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.
"Ең бастысы – халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға, ескертуге жұмылдыру, ана мен баланы қорғауға, отбасының қоғамдағы рөлін күшейтуге бағытталған шаралармен таныстыруға бағытталған", - дейді Бейнеу аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Қонақбай Нұрдәулетов.
Сондай-ақ, акция аясында аудандық ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Темірхан Тәжмұқанов және Ыбырайым Ахун мешітінің имамы Ертай Әбілов қамауда отырғанғандармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын. Полицейлер аудан жұртшылығын осы акцияға белсенді қатысуға шақырып отыр.


