Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Елімізде соңғы екі жылда 340 мектеп пайдалануға берілді

Нұргүл Алясова
|
05.09.2025 10:40
Елімізде соңғы екі жылда 340 мектеп пайдалануға берілді
ашық дереккөз

Премьер-министр және Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында Президенттің 2019-2024 жылдар аралығындағы Қазақстан халқына Жолдаулары мен «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының іске асырылуы қаралды, деп хабарлайды otpannews.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Олжас Бектенов білім беру мекемелерінің құрылысы мен жаңғырту жұмыстары қарқынды жүруде екенін атап өтті. «Келешек мектептері» жобасы аясында 310 мың орынға арналған 160 мектеп бой көтерді.


2024-2025 жылдары 484 мың орынға арналған 340 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 111 мектеп салу жоспарланып отыр. 245 мектепке кешенді жаңғырту жұмыстары қарастырылған.


Сондай-ақ мамандар даярлауға үлкен көңіл бөлініп отыр. Биыл колледждердің 150 мың студенті мемлекеттік тапсырыспен қамтылды. 9-шы сынып түлектерінің 100%-ы сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін кәсіптік техникалық біліммен қамтамасыз етілді.


Жұмысшы мамандықтар жылы аясында кәсіпорындардың сұраныстары бойынша оқитын студенттер саны үш есе ұлғайды (30 мыңға дейін).


Техникалық және кәсіптік білім беруде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру екі есе көбейді (437 мың теңгеден 913 мың теңгеге дейін).


Биыл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 93 мың грант бөлінді.


Студенттерге де қолайлы жағдай жасалып келеді. Осы жылдың басынан бері 3,5 мың орынға арналған 4 жатақхана пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 10 мың орындық 29 жатақхана ашу жоспарланып отыр. Бес жыл ішінде жатақханалардағы орын тапшылығы шамамен 3 есеге – 61 мыңнан 17 мыңға дейін қысқарды.

60
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!