Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Цифрлық штаб мемлекеттік органдарға жеке мобильдік қосымшалар әзірлеуге тыйым салды

|
20.10.2025 10:20
Цифрлық штаб мемлекеттік органдарға жеке мобильдік қосымшалар әзірлеуге тыйым салды
Ortcom.kz

Премьер-Министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Цифрлық штабтың отырысында бірыңғай цифрлық экожүйе қалыптастыру, креативті индустрияларды дамыту, IT-стартаптар мен жоғары оқу орындарын қолдау мақсатында бірқатар маңызды шешім қабылданды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Primeminister.kz-ке сілтеме жасап. 


Штаб шешімі бойынша, мемлекеттік органдарға жеке мобильдік қосымшалар әзірлеуге тыйым салынып, барлық жаңа цифрлық сервистер тек eGov және Aitu платформалары арқылы енгізілетін болады. Бұл шара азаматтар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыруды көздейді.


Сондай-ақ, Қаржы, ұлттық экономика, жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктеріне және жергілікті атқарушы органдарға 2025 жылдың 10 қарашасына дейін Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркін өңірлік инновациялар мен кәсіпкерліктің орталығы ретінде нығайту тапсырылды. Ол үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым бағыттар тізімі кеңейтіледі.


Бұған қоса, Alem.cloud ұлттық суперкомпьютерлік орталығының есептік қуаттарын бөлу ережелері бекітіліп, тиісті нормативтік-құқықтық акт әзірленеді. Alem.cloud ресурстары білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, мемлекеттік басқару, мұнай-газ, тау-кен металлургия, энергетика, геология, көлік, логистика, құрылыс және робототехника салаларына басымдықпен беріледі.


Ғылым және жоғары білім министрлігіне жоғары оқу орындарын қолдау тетіктерін жетілдіру тапсырылды. Сонымен қатар, Astana Hub технопаркі қызметінің бағыттарына мультимедиа, ойын дизайны мен баспа ісі, бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу және сүйемелдеу, киберспорт, сондай-ақ ағылшын тілі мен бизнес-процестер аутсорсингі салаларындағы қызметтер қосылды. Бұл өзгерістер Astana Hub-тың жаһандық технологиялық қауымдастықтағы беделін арттыра түспек.


Айта кетейік, Цифрлық штаб Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты халыққа жолдауында қойылған тапсырмаларды жедел әрі жүйелі түрде іске асыру бағытында жұмыс істеп келеді.

47
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!