Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстаулық боксшы ел чемпионатының жартылай финалында сынға түседі

|
20.10.2025 10:26
Маңғыстаулық боксшы ел чемпионатының жартылай финалында сынға түседі
boec.bg

Бокстан Семейде өтіп жатқан ел чемпионатында Маңғыстау облысының өкілі Санатәлі Төлтаев жартылай финалға шықты, деп хабарлайды otpannews.kz


65 келіде сынға түсіп жатқан өңір боксшысы финал жолдамасын Қостанай облысының өкілі Әбдіғалым Әбдікеріммен сарапқа салады. Егер жеңіске жеткен жағдайда ол Ертуған Зейнулинов (Алматы облысы) мен Илья Калинин (Жамбыл облысы) арасындағы жеңімпазбен ел чемпионын анықтайды. 


Айта кететін жайт, ҚР чемпионатының жартылай финалдық бәсекесі 20 қазанда, ал финал кездесулері 21 қазан күні өтеді. 


Санатәлі Төлтаев бұл сында ерлер санаты бойынша Маңғыстау облысының құрамасында жартылай финалға дейін жеткен жалғыз боксшы болып отыр. Ол өткен жылы Қарағандыда өткен біріншіліктің финалына дейін жеткен еді. 


Айта кететін жайт, әйелдер құрамасынан да жартылай финалдық жұптар анықталды. Өкінішке қарай, бұл жекпе-жектерде өңірдің бұрымды боксшылары сынға түспейді.

53
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!